«Шылымды кәмпитке ауыстыр!» акциясы

19.11.2025

2025 жылғы 18 қараша күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-де Дүниежүзілік темекі шегуден бас тарту күніне орай «Шылымды кәмпитке ауыстыр!» атты акция өтті. Акцияны «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 30-топ студенттері мен колледждің әлеуметтік педагогы ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – студенттерге кәмпиттің иісі мен дәмі шылымның жағымсыз иісі мен дәміне қарағанда әлдеқайда жағымды екенін көрсету, сондай-ақ жастарды темекіден бас тартуға ынталандыру болды.

Оқу орнының бірінші қабатында үзіліс кезінде шылымдар кәмпитке ауыстырылды. Дегенмен кейбір студенттер шылымдарын кәмпитке ауыстыруға асықпады. Студенттерге арнайы шарт бойынша шылымдарын кәмпитке айырбастау ұсынылды: 1 кәмпит – 1 шылым. Барлық темекі шегушілер кем дегенде бір күнге темекіден бас тартып, темекі шегудің денсаулыққа қаншалықты зиян келтіретінін ой елегінен өткізуге шақырылды. Әсіресе «Шылымды кәмпитке ауыстырайық» деген ұсынысқа: «Мен шылым шекпеймін, сізге де кеңес бермеймін!» – деп жауап берген студенттер ерекше қуантты. Жарайсыңдар!

Жиналған шылымдар толықтай жойылды. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Темекі шегуден бас тартыңыздар! Жалпы, акция көтеріңкі көңіл күйде өтті.

БІЗ ШАҚЫРАМЫЗ:
Қораптан кезекті шылымды алып жатқанда, мына жайтты есте сақтаңыздар: темекі шегуші әрбір шеккен шылымы үшін үш рет «төлем жасайды» – ақша жұмсайды, өз денсаулығын және жақындарының денсаулығын бұзады. Қазіргі таңда саналылық танытқан адамдардың басым бөлігі темекіге мүлдем жоламайды немесе уақытында одан бас тартады. Темекі шегу барған сайын сәнсіз, қажетсіз әдетке айналуда!



Текст
Виртуальная приемная